Сенат депутаты Арубаев шаруа қожалық жұмысын көрді
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Т.Рысқұлов, Меркі ауданындағы бірқатар шаруа қожалықтарымен жолығып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысуда.
Алдымен Сәкен Қаланұлы «Ақтоған» шаруа қожалығының жұмысын көрді.
1999 жылы құрылған шаруа қожалықтың негізгі бағыты – егін шаруашылығы және егінді кластерлік әдіспен өндіріп, өңдеу (ұн, макорон).
Сәкен Қаланұлы мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер жайын, ұсыныс-пікірін сұрап білді.
50 адам жұмыспен қамтыған шауашылық мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктерді игілігіне жұмсауда. Шаруа қожалық басшысы Сеит-Хасан Ахаев елімізде туындап отырған егінсу тапшылығын бөлек мемлекет тарапынан алатын көмектер үшін ризашылығын жеткізді.
Шаруа қожалық еншісінде 8 дана егін комбайны,
11 дана «К-701», «К-700» тракторы, 4 дана әр түрлі маркадағы «МТЗ» тракторы,
8 дана жүк тасымалдау автокөлігі, 1 дана экскаватор,
5 дана қызметтік жеңіл автокөліктер бар. Сондай-ақ 6000 тонналық элеватор толық компьютермен дәнді тазалап, кептіріп, артады.
Шаруашылықта өндірілген ақ егіс өнімінен, жоғары сұранысқа ие 25 түрлі макорон өнімін Астана, Алматы, Тараз қаласына саудалайды.
Сенат депутаты шаруа қожалық өнімдерін көріп, жұмысына табыс тіледі.