Теміржолдағы тарифті жүйеге келтіру керектігін жеткізді
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Меркі аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Басқосуға аудан әкімі Жорабек Баубеков қатысты
Жиында сөз алған Сәкен Қаланұлы:
– Бүгін өздеріңізбен арнайы кездесу ұйымдастырып отырмыз. Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын көтеру, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін кешенді жобалар мен бағдарламаларды енгізіп отыр. Бұл игіліктерді жүзеге асыруда қандай мәселелер төбе көрсетіп отыр?! Мал, егін шаруашылықтарына қандай қолдаулар легі тиімді. Міне, осы және де басқада түйіткілерді білу үшін келіп отырмын. Тұрғындардың талап-тілегін сіздер жақсы білесіздер. Өңірдегі мәселелерден де хабардарсыздар. Бауын тапса, байламын таппай жүрген өзекті жайттардың шешілуіне бірге жұмыс жасауға шақырамын,-деген Сәкен Қаланұлы ҚР Парламентң Сенатында атқарылып жатқан жұмыстар жайын айтып өтті.
Басқосуда депутаттар талап-тілектерін жеткізді. Депутат Тәуіржан Алтынбаев Қарағандыдан Түрксіб стансанына бір вагон әкелу үшін де және сол вагонды 40 шақырымда тұрған Меркіге жеткізу үшін де бір баға екенін, теміржол тарифін жүйеге келтіруге ықпал етуін өтінді.
Сенат депутаты сұрақты назарға алатынын, бұл мәселе бойынша арнайы зерделеу жүргізілетінін алға тартты