ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Қордай ауданындағы «Левый ветка» каналын көрді. Канал бойымен өтетін 4-5 м³ су 19000 гектарды осы уақытқа дейін ылғалдандырып келген. Алайда су тапшылығына байланысты бүгінде канал құрғап қалған.
Сенат депутатына шаруалар ұсыныс-талаптарын да жеткізді.
Шаруалар сөзінше, Қалғұтты мен Ноғайбай ауылдарына екі су бөгеттері орнатылса, егістікке су жеткізуге мүмкіндік туатынын, су тоспалары су тапшылығын жоюуға септігін тигізетін атап өтті.
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақаев Жұлдызбектің айтуынша, осы екі бөгетті салуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгенін атап өтті.
Сенат депутаты каналдан бөлек бірқатар егінсу жүйелерін аралап көрді.
Сәкен Қаланұлы егер су тапшылығын жоюға екі бөгет әсер етсе, мұның қаржысын қарастыруға күш салатынын атап өтті.