ҚАРАТӨБЕДЕ АУЫЛ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТУДЕ

Бүгін Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округінде әкім сайлауы өтуде деп хабарлайды asaaqparat.kz.

2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.

Қызылшарық, Бектөбе және Бәйтерек ауылдарынан тұратын округте 5161 тұрғын бар.

Округ тұрғындары № 162 және 507 сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-ден басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасын табатын болады.

Округте жалпы саны 3370 сайлаушы тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.