Өңірде ағаш көшеті егілуде

Бүгінде мемлекетіміз көгеріштендіру, көгалдандыру жұмыстарына баса назар аударып отыр. Бұл жұмыстар өңірімізде жыл сайынғы дәстүрмен ерте көктемде басталып кетеді. Оның ішінде арықатыздарды ретке келтіру, күл-қоқысты тазартудан бөлек тал егу жұмыстары да бар.

– Өңірде тал егу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында және 2021- 2025 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспарына сәйкес Қарасу ауылдық округі аумағында 4 гектарға, Бірлесу-Еңбек ауылында 5 гектарға, Көлқайнар ауылдық округінде 5 гектарға, Айшабибі ауылдық округінде 4 гектарға 20 мың ағаш көшеті отырғызылуда, – дейді аудан әкімдігі тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаев.

Жуырда аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аппараттық кеңесте күтіп-баптау жұмыстары ауылдық округ әкімдерінің міндеті екенін қадап айтқан болатын.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.