Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков пен Ербол Жиенқұлов Тоғызтарау, Өрнек, Ерназар ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен еркін форматта кездесу өткізді. Ауылдық округ әкімдерінің бірінші тоқсанда атқарған жұмыстары туралы баяндамасын назарға алып, жергілікті тұрғындарды не толғандыратынын сұрады.
Басқосуда тұрғындар өзекті де түйткілді мәселелерді алға тартты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларын орнату, кәсіпкерлікпен айналысу үшін қайтарымсыз грант алу, тұрғын үйлерге газ тарту жұмыстарын жылдамдату, қажеттілігіне қарай әлеуметтік нысандар салу, егінсу мәселесін шешу керектігін жеткізді. Ауыл тұрғындарының базынасын білген аудан басшылары мәселелер өзектілігіне қарай кезең-кезеңмен шешілетінін айтты.