Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Б., Талас аудандық сотының 2020 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасына кесілген еді. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған сотталушы 2022 жылғы 20 қантар сағат 00:10 шамасында өзінің тұрғылықты жерінен шығып, автокөліктің рөліне отырып, масаң күйде полиция қызметкерлеріне ұсталған болатын. Осыған қарамастан 2023 жылғы 19 қантарға қараған түні сотталушы Б. спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде болған. Сот отырысында өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасында көрсетілген мән-жайларда көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, автокөлікті масаң күйде басқарғанын және істеген әрекетіне өкінетінін жеткізді. Сотталушының кінәсі зерттелген іс-құжаттармен, медициналық куәландырудың қорытындысымен дәлелденді. Б. Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. Сотталған Б.-дан он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 51750 теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.
Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.