Мемлекеттік қызметке қолжетімділік артады

«Е-gov.kz» электрондық үкімет порталы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге жылдам қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Бұл – өтініштер беру, анықтамалар алу, лицензиялар алу, есепке қою, тіркеу және тағы басқа қызметтер мен сервистер порталы.

Бүгінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ басқа да көптеген ұйымдар қағаз құжат айналымынан құтыла отырып, өз жұмысын электрондық форматқа ауыстырған. Бірақ азаматтар жаңа технологияларды қолдана бермейді. Дегенмен азаматтарды қажетті қызметтерді жаңаша пайдалануға үйрету керек. Олар күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды мүмкіндігінше қолдана білуі тиіс. Осыны қаперге алған аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев ауылдық кітапханалар жанынан ашылған «Цифрлық ақпараттық орталықтың» жұмыс жүйесін жандандыруды, ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын. Соған сәйкес аудан әкімі аппаратының ұйытқы болуымен аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Мадина Құлшымбаева аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы Ербол Оразбекұлымен бірге Тоғызтарау, Өрнек, Қаракемер ауылдарына арнайы барып, «Цифрлық ақпараттық орталық» қызметкерлеріне «Е-gov.kz» электрондық үкімет порталымен жұмыс жасау, яғни портал арқылы балабақша және жер кезегіне тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл қызмет түрлерін қалай қолдану керектігін көрсетті.

Алмаз СЕЙСЕНОВ,

аудан әкімі аппараты ұйымдастыруинспекторлық бөлімшесінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.