Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.
Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді.
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасын қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақтылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі дер кезінде қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы шарт. Себебі елдің ертеңі бізге байланысты. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамшершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлімтәрбие де талап етілетіні анық. Менің ойымша, мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, жоғары моральдық жауапкершілік пен өз ісіне деген әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттері қағидаларын қатаң ұстанғанда ғана елдің ертеңі нұрлы болады.
Зарина АБЗЕЛОВА, Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.