Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындыларын есепке алғанда 2023 жылғы 1 наурызға Жамбыл ауданының халық саны 87822 адамды құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрінің өнімдерін қоса есептегенде 1360,6 тонна ет (сойыс салмақта), 8760,1 тонна сүт, 15504,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 121,6 тонна ет, 117,5 тонна сүт артық, 2536,8 мың дана жұмыртқа кем өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 56923 басқа, қой 325753 басқа, ешкі 15988 басқа, жылқы 24193 басқа, түйе 53 басқа, үй құстары 442903 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2426 басқа, қой 18321 басқа, ешкі 1603 басқа, жылқы 1258 басқа көбейіп, үй құстары 75383 басқа, түйе 13 басқа азайған. 2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 6133809 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 101,2 пайызды құрады. Аудан бойынша қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 3335508 мың теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй 15983 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі 2054163 мың теңгені құрады. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 3369047 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 378666 мың теңгеге, азықтүлік емес тауарлар 2990381 мың теңгеге сатылды.
Prev Post
Next Post