Ауданда «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
Тамыз айының 16-18 жұлдызы аралығында Республика аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде деп хабарлайды asaaqparat.kz.
Жамбыл аудандық полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтық, құқық бұзушылықтар турасында орын алған қылмыстарды ашу және олардың алдын алу бағытында біршама жұмыстарды атқаруда.
Айта кетейік, бұл күндері қылмыстардың басым көпшілігі танымал онлайн-сервистерде алдын ала төлемді талап етумен тауарларды және қызметтерді сату туралы хабарландыруларды орналастыру арқылы жасалады екен.
Тәртіп сақшылары аудандағы ахуалды бақылауға алып, қылмыстық істерді болдырмау бағытында үздіксіз жұмыс істеп, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.