Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады.
Көпке-көріңеу жалған мәлімет ұсыну, кейбір отбасыларға тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек заңды ма? сынды олқылықтардың алдын алу аясында аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан Жамбыл ауылдық округіне қарасты Бесжылдық ауылында тұратын 17 отбасына барып, зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар қаржысына кәсіп бастап, тұрмысын түзегендер жетерлік. Тіпті, мемлекеттен қаржы алып, ерінбей еңбек еткендердің аты озғандарын көруге болады.
26.08.2023. Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылы.