ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Тараз қаласында құрылысы жүргізіліп жатқан 150 орынды мүгедектерлі оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын көрді деп хабарлайды asaaqparat.kz
Орталық құрылысы үш жылға жоспарланған, жыл соңына дейін пайдалануға беру күтілуде.
Сенатор ғимарат құрылысын аралап, жұмыстың аяқ алысына назар аударды.
Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ғимараттың жер көлемі 4,2 гектарды құрайды. Нысан 5 бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте сауықтыру-жүзу бассейні, акт зал, спорт зал, 2 бөлік емдеу корпусы, 3,4 бөлік екі қабатты стационардан тұрса, 5 бөлік асхана, қоймамен жабдықталады. Орталықтан күтетін түпкілікті нәтиже 110 уақытша және 105 тұрақты жұмыс орны ашылып, жылына 1000 мүмкіндігі шектеулі жандар оңалтудан өтпек.
Сенатор жауапты мердігермен жолығып жұмыстар сапалы әрі уақытылы жасалуы керектігін айтты.