Америкалық танымал актер Алек Болдуин түсірілім алаңында операторға тапаншадан оқ атты, салдарынан әйел қайтыс болды.
Оқиға Нью-Мексико штатында вестерн жанрындағы «Ржавчина» фильмінің түсірілім алаңында болды.
Болдуин реквизитке берілген тапаншадан оқ атуы керек болған. Алайда онда оқ болмағанымен, оқтың бытырасы қалыпты. Кесірінен түсірілім алаңындағы екі адамға ұшқыны тиген.
Фильм режиссері Джоэл Соуз бұғанасын жарақаттады, ол ауыр жағдайда жатыр. 42 жастағы оператор Алина Хатчинс ауыр жарақат алды. Оны әуе арқылы Альбукерке қалалық ауруханасына жеткізді, алайда дәрігерлер аман алып қала алмады.
Фильм түсірілімі тоқтатылды.
«Шериф кеңсесі реквизит тапаншадан оқты Алек Болдуин атқанын растайды», — делінген хабарламада.
42 жастағы әйел тікұшақпен ауруханаға барар жолда көз жұмыпты.
Фильм процесі тоқтаған.
The New York Times басылымының жазуынша, әзірге Алек Болдуин қамауға алынбаған, оған қатысты қылмыстық іс те қозғалмауы мүмкін.
Тапаншаның не себепті оқтаулы болғаны және Болдуиннің режиссер мен операторға неге оқ атқаны айтылмады.