Мақпал Исабекованың тыңдармандары әншінің күйеуін көрді. Көпшілік алдында бірге жүрген жұпты көзі қырағы көрермен танып үлгерді. Әнші жолдасымен айтулы кеште қонақ болды.
Күні кеше Жәния Джуринская бір жылдық мерейтойын атап өтті. Данияр Хизметов пен Жәния дүбірлі той жасап, жақындары мен достарының басын қосты. Тойға танымал өнер жұлдыздары мен әншілер келді.
Аталған тойда Мақпал Исабекова мен жолдасы қонақ болды. Әншінің жолдасын Ерке Есмахан көпшілікке көрсетті. Желі қолданушылары Исабекованың жолдасы көрікті жігіт екенін айтып сөз таластырды. Олардың бірі күйеуі өзге ұлт деп болжаса, енді бірі Еркенің әрекеті артық деп сын айтты.
“Біреудің күйеуін көрсетіп несі бар? Ол жасырын ұстағысы келген шығар”, “Оның күйеуі ешкімге қызық емес”, “Жігіті өзге ұлт секілді”, “Қазақтан жігіт табылмады ма?“, “Түрі қазаққа ұқсамайды”, “Әп-әдемі жігіт екен, шалға тиіп жатқан жоқ қой басқалар секілді”, “Жарасып отырсыздар, бақыт тілеймін”, “Әншілердің күйеулері бір-біріне ұқсай ма, қалай өзі?”, – деп жазды олар.
Бұған дейін Исабекова күйеуінің өзге ұлт өкілі екенін растаған еді. Есімі Радион.
«Кейбір қызыққұмар адамдардың болжамы бойынша, «көз тиеді» деп немесе қызғанғандықтан күйеуімнің жүзін жасырып жүрген жоқпын. Қарапайым ғана себеп: ол қаламайды және қызмет бабы бойынша қажет емес», – деді ол.
Айта кетейік, Мақпал Исабекова биылғы жылдың Рамазан айында тұрмысқа шықты. Екі жас шілде айының 7-сі күні заңды некеге тұрды. Мақпал жұбымен Шымкент қаласына жұмыспен барған кезде танысқан.