ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды деп хабарлайды Asaaqparat.kz сайты Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.

Ауа-райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы» бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды.
Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың 13 желтоқсанынан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізуде.

Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды.
14 желтоқсан күні сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).

Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтылануда.

Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.
Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігуде.
Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.

Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетуде.
Алдағы күндері «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 30 м/с қатты жел ұйытқуы сақталады.
Тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сүйенуге, сабырлылық танытуға шақырамыз.
Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды:

8 7262 513575, 51 41 67

В Жамбылской области объявлен ЧС природного характера местного масштаба.

Закрыты автодороги республиканского значения.

В связи с резким ухудшением погодных условий (резкое понижение температуры, низовая метель, плохая видимость) поэтапно с 12 декабря перекрыты автодороги республиканского значения по коридору Западная Европа-Западный Китай по маршруту «Тараз-Алматы» и областного значения.

С 13 декабря т.г. по поручению акима Жамбылской области Е.Карашукеева работает специально созданный региональный оперативный штаб.
В спасательных работах задействовано 117 единиц спецтехники, 103 человека (ДЧС, военнослужащие).

По состоянию на 23.00 ч. 14 декабря спасательными подразделениями спасено и эвакуировано 1279 человек, которые размещены в 6 пунктах обогрева в Кордайском районе (село Кайнар-1, село Алга-1, село Кордай-3, село Кенен-1).

На трассах в снежных заносах все еще остаются автомобили. Информация о количестве уточняется.

В результате сильного ветра и мокрого снега в Шуском районе оборваны линии электропередачи и повалены опорные столбы.
По причине ЧС на участке «Шу Отар» простаивают 11 пассажирских поездов, где в среднем по 500-700 человек в каждом. В ожидании отправления 12 грузовых поездов.

Без электроэнергии остались 8 882 абонента в 32 населенных пунктах 4 районов области.

В настоящее время порывы ветра достигают 45 м/c. Согласно прогнозу РГП «Казгидромет» в ближайшие дни сохранятся погодные условия с усилением ветра до 30 м/c.
Просим не поддаваться панике и доверять только официальным источникам.

Телефоны «горячей линии» для связи: 8 7262 513575, 51 41 67

Leave A Reply

Your email address will not be published.