ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Әрбір қазақстандық үшін азаттықтан асқан ұлы ұғым, Тәуелсіздіктен асқан биік тұғыр жоқ.

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 32 жыл толды. Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастаған бір топ қызметкерлер мен желтоқсаншылар Аса ауылындағы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы азаттық үшін алысып, ел үшін жан пида еткен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды»,- деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.