Жамбыл облысында 5 блок-бекет қойылды

Жамбыл облысы ПД бастығы ағымдағы жылғы 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, жауын-шашынның салдарынан жолдың қатты көктайғақ болуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 239-дан 593-шақырымына дейін (Түркістан облысының шекарасы) көлік құралдарының барлық түрі үшін жол жабық.

Полиция қызметкерлерімен барлық ауданның аумағына блок-бекеттер қойылды.

Мәселен, Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов аудандары, Тараз қаласы және Түркістан облысының шекарасы.

Одан бөлек, азаматтар үшін 65 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта онда 36 адам жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.