18 ЖАСТАҒЫ ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті, — деп хабарлайды Asaaqparat.kz тілшісі Patriotkaragandy-парақшасына сілтеме жасап.

Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алады. Куәгерлердің айтуынша, кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін байланысқа шықпаған. Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігімен такси қызметімен айналысқан.

Полицейлер Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 ​​телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.