Жуырда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңес барысында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою, қалпына келтіру және алдағы уақытта ауа-райының кез-келген жағдайына дайын болу мәселелері талқыланды деп хабарлайды Asaaqparat.kz zhambyl.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, облыс әкімі әлеуметтік желіде тарап жатқан адам шығынына қатысты ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін баса айтып, халықты тек шынайы ақпаратқа сенуге шақырды.
Ербол Қарашөкеев жауаптыларға төтенше жағдайлардың алдын алу, ауа-райының кез-келген жағдайына дайын болу керектігін, су айдындарындағы ахуалды назарда ұстап, зерделеп, талдап, автожолдарды бақылауда ұстау, тас жолдардағы су өткізгіштерді тазалығын қамтамасыз ету, трансшекаралық өзендерді назарға алу бойынша нақты міндеттер жүктеді.