Жамбыл ауданы Бектөбе ауылында «Әліш»атындағы мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді деп хабарлайды asaaqparat.kz.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған білім ордасы екі ауысымда 650 оқушыны қабылдай алады.
Мектептің ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиында Нұржан Календеров облысымызда білім саласындағы жетістіктерді сөз етіп, бектөбеліктерді жаңа білім ұясының ашылуымен құттықтады.
Жаңа нысанның лентасын ауыл қариялары қиып, ақ батасын берді
Мектеп басшысы Эльмира Бегалиеваның айтуынша, заманауи үлгіде жабдықталған мектеп 15 оқу сыныбы, спорт залы, лингофондық кабинет, кітапхана, мәжіліс залымен қамтылған. Сонымен қатар білім нысаны интерактивті тақта, интернет жүйесімен, заманауи құрылғылармен толық қамтамасыз етілген.
Оқушылар түрлі спорттық үйірмелерге, тілдік курстарға, шығармашылық- жаратылыстану бағытында секцияларға қатыса алады.
Айта кетейік, Қаратөбе ауылдық округінде 5000 тұрғын бар. Бұған дейін ауылда бір ғана Амангелді орта мектебі орналасқан болатын.
Ауылдағы демографиялық өсімге байланысты жаңа мектеп ел игілігіне қызмет етпек.
…