Жамбыл облысында 2023 жылы жалпы құны 75 миллиард теңге болатын 13 жаңа өндіріс іске қосылған деп хабарлайды asaaqparat.kz.
Биыл жалпы сомасы 180 миллиард теңгеден асатын тағы 28 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы, инвестициялық жобалар пулына құны 2,3 триллион теңгені құрайтын 69 жоба енген. Оларды іске асыру арқылы 5,5 мың адамды жұмыспен қамтуға болады.