Тараз қаласының әкімі қаламгерге құрмет көрсетті деп хабарлайды asaaqparat.kz
Белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Құрмет” орденінің иегері Үміт Битенованы танымайтын жан кемде-кем. Қазақ әдебиеті мен журналистикасында өзінің дара жолын қалыптастырған қоғам қайраткері бүгін 60 жастың асқарына шықты. Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай қаламгердің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, мерейтойымен құттықтады.
— Сіздің парасатты поэзияңыз арқылы қалың оқырман ой түйіп, жақсылыққа ұмтылып, тағылымды тәрбие алады. Осынау өмір жолыңыздағы шығармашылығыңыздың қазақ поэзиясында алатын орны ерекше. Әрбір туындыңыз көпшіліктің ықыласына бөленіп, оқырманның жүрегінен орын тапты. Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз, — деген Бақытжан Әмірбекұлы мерейтой иесіне сый-сияпатын ұсынып, құрмет көрсетті.
Кенжебек Мамашбайұлы да өз кезегінде ақжарма тілегін арнап, жылы лебізін білдірді.