Абай атындағы орталық кітапханасында 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Отқа оранған он жыл» атты кездесу кеші өтті деп хабарлайды Asaaqparat.kz тілшісі.
Шараға Ауған соғысының ардагері Қалабаев Дүйсенәлі Ибрагимұлы, Амирбеков Марат Бегасылұлы Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының жеке құрамы бөлімше старшинасы, аға сержант Панабаев Жаңабек Байұзақұлы, бөлімше офицері, аға лейтенант Азамат Қадырғазиев, кітапхана меңгерушісі Абсеметова Камила Дуйсембайқызы және бөлімше сарбаздары қатысты.
Ауған жерінде оқ пен от арасында өткізіп, елге оралып, бейбіт күнде еңбек еткен азаматтар, өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен кітапхана оқырмандарымен ой бөлісіп, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
№39 мектеп-гимназиясының 7 «а» сынып оқушылары Еркінбекқызы Кәусар, Сыпатай Дана Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың «Ауғанда болған ардагер», «Армысыңдар, ауғандық ардагерлер» атты өлең жолдарын оқыса, Жұмаділда Ерасыл сазгер Жарасқан Төлебайдың «Мен қазақпын» әнін, «Шұғыла» би тобы «Қазақ биін» билеп, «Шабыт» домбырашылар ансамблі Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады
Ауған соғысы жауынгерлерінің ерліктері туралы баяндайтын кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Ауған соғысының ақиқаты» атты кітап көрмесіндегі Ауған соғысының ардагері Аманкелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды.