ХҚКО-да жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қалай рәсімдеуге болады
🔰Жамбыл облысының ХҚКО-лары 2024 жылдың басынан бері 562 жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты берілді.
🏠Меншік иелеріне жылжымайтын мүлікпен – сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлікпен кез-келген мәміле жасау кезінде өзекті техникалық паспорт қажет болады.
📌Айтпақшы, ескі үйлердегі пәтер иелері техпаспорттарда балкондар, лоджиялар және олардың ауданы көрсетілгенін тексерулері керек. Егер құжатта мұндай деректер болмаса, оны ауыстыруға тура келеді: 2023 жылдан бастап мемлекет пәтердің жалпы аумағына балкондар мен лоджиялардың ауданын да қосу туралы шешім қабылдаған болатын.
ХҚКО-да техникалық паспортты рәсімдеу үшін мынадай құжаттарды қажет:
▪️егер өтінімді меншік иесінің өкілі берсе, жеке куәлік пен сенімхат;
▪️жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;
▪️техникалық паспортты ресімдеу үшін баж төлегені туралы түбіртек.
📑Техникалық паспортты беру мерзімі объектіге байланысты. Пәтерге, жатақханадағы бөлмеге паспорт 3 жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Жеке үйдің, жеке гараждың, саяжай құрылысының техникалық паспорты 5 жұмыс күні ішінде беріледі.