Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, 12-тамыз Халықаралық жастар күні аясында «Жастармен бірге», «ENBEK BARIN DE JENBEK» жобасы аясында 9 тамыз сағат 10:00-де Аса ауылдық округі «Рахат» сауда орталығының алдында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен мобильді кеңес беру алаңын ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты — жұмыссыз азаматтарға жұмыс беруші мекеме өкілдерімен сұхбаттасуға мүмкіндік беру, бос жұмыс орындары жайлы хабардар ету және заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Кеңес беру алаңында аудандық прокуратура, аудан әкімдігінің бөлім-мекеме өкілдері мен кәсіпкерлер 50-ден аса тұрғындарды қабылдап, сауалдарына жауап берді.
9.11.2024
Жамбыл ауданы