Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ерназар ауылында концерт өтті деп хабарлайды http://assaqaparat.kz
Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Бекенқызының айтуынша, концерттің мақсаты — ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, әдемі кеш ұсыну болып табылады.
Думанды кеште балалар асыр салып ойнап жүрсе, аға буын әншілермен бірге ән шырқап, алаңда биге шығып, көпшілік ыстық ықылас білдіріп, бір серпіліп қалды.
Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған мәдени-көпшілік іс-шарада тұрғындар өнерпаздарға алғысы мен ризашылығын жеткізіп, аталған кеш жиі ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді.
Айта кетейік, мерекелік концерт әр ауылда апта сайын, ал, жұма күндері Аса ауылының орталық алаңында өтетуде.