6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстан болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Өйткені қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде. Және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр жағдайда. АЭС құрылысы – бұл алдағы ұзақ жылдарда елдің табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба болмақ. Бұл бастаманы аудандық спорт саңлақтары да қолдау білдіруде.
Жалпы референдум өткізу өте заңдылық. Өйткені, ғалымдардың айтуы бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанда энергетика тапшылығы сезіледі екен. Оны атом станциясы ғана шешпек. Осы тұрғыдан алғанда Президенттің көтеріп отырған бастамасы өте дұрыс деп ойлаймын. Және басқалары сияқты осы АЭС-ны пайдалануды қолдаймын. Бұл алдымен қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Әрі болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген елде өмір сүреді дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы Мади Жанұзақов.
Next Post