Жамбыл ауданындағы 35 референдум учаскелерінде 52851 сайлаушы тіркелген.
Таңғы 07:00-де есігін ашқан учаскелер кешкі 20:00-ге дейін өз жұмысын жүргізеді.
Өңірде алғашқылардың бірі болып дауыс берген, Жамбыл аудандық мәслихатының төрағасы — Мұхтар Шайдаев
Бұл референдум елімізде атом электр станциясының (АЭС) салынуы мәселесін талқылауға арналып отыр.
Маңызды науқаннан қалыс қалмай, өз учаскеңізге дауыс беруге келіңіз!