АЙШАБИБІЛІК ҚАРТ АНА КЕЛЕШЕК ҮШІН ДАУЫС БЕРДІ

Жамбыл ауданындағы 35 референдум учаскелерінде 52851 сайлаушы тіркелген.
Таңғы 07:00-де есігін ашқан учаскелер кешкі 20:00-ге дейін өз жұмысын жүргізеді.

Саяси науқаннан қарт аналарда қалыс қалмады. 82 жастағы Даулетбаева Мейрамкул таңмен таласа келіп,  дауыс берді.

Айшабибі ауылындағы №159 учаскесіне тіркелген әже, таңдау жасауға немересімен бірге келді.

Бұл референдум елімізде атом электр станциясының (АЭС) салынуы мәселесін талқылауға арналып отыр.

Маңызды науқаннан қалыс қалмай, өз учаскеңізге келіп, дауыс беруге келіңіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.