Бұл — еліміз үшін маңызды қадам, мемлекеттік басқаруда халықтың ықпалын арттыруға үлкен мүмкіндік. Референдумға қатыса отырып, әр азамат Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге тікелей атсалыса алады.
Бұл референдум мемлекет пен қоғам қатынасында тиімді құқықтық негіз қалыптастыруға бастау болады. Бұл —Әділетті Қазақстан құрудың бастамасы. Сондықтан оған азамат ретінде өз жауапкершілігін сезінетін әрбір азамат бүгін өз таңдауын жасады.
Менде бүгін көппен бірге саналы түрде таңдау білдірдім.
Асхат ҚҰНДЫЗБАЕВ, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты