МЕН ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтуде.

Міне, бүгін бүкіл халықтық референдумда мен де өз таңдауымды жасап, өз азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін дауыс бердім!

Әрбір дауыс – маңызды. Бұл тек жеке таңдау емес, еліміздің ертеңі үшін жасалған қадам. Бірлік бар жерде – тірлік бар, ал біздің дауысымыз ортақ мақсатқа жетуге деген сеніміміздің айғағы.

Еліміздің болашағы үшін өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын !

Әмина ШУЛЕН
“Ақпараттық медиа орталығының” маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.