МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ — ЕЛДІҢ ДАМУЫ ҮШІН

Бүгін еліміз үшін шын мәніндегі тарихи күн. Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталды.

Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ.

Бүгін таңмен сайлау учаскесіне келіп, өз дауысымды беріп, таңдауымды жасадым.

Байқағаным тұрғындар дауыс беру учаскелеріне көтеріңкі көңіл күй үстінде келуде. Келіп жатқан азаматтар құқықтарын пайдаланып, азаматтық көзқарасын, ұстаным-пікірін білдіруге асық.

Сайлау өз деңгейінде, әділетті өтіп жатқандығын байқауға болады. Дауыс берушілерге барлық жағдай қарастырылған.

Менің жеке ұстанымым, елдің дамуы үшін, дауыс беруге белсенді қатысу әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Маңызды істе, жайбасарлық танытуға болмайды. Дұрыс таңдау әр қазақстандықтың міндеті.

Олай болса, лайым еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық , болашағымыз баянды, жарқын болсын! Қазақстан өркендей берсін!

Алтай Стамқұлов
Аудандық “Мансап орталығының” директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.