БАЙЗАҚТА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Байзақ ауданында «Отбасын қолдау орталығының» ашылуы өтті деп хабарлайдыasaaqparat.kz.

Шараға Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағымбеков пен тұрғындар қатысты.

Нысанның ашылуында сөз алған Еркін Егембердіұлы:
– Әрбір отбасы біздің қоғамның есебінде екенін саналылықпен ойда ұстау маңызды. Әр шаңырақтың өзіндік ішкі тағдыры әрқандай жолмен өріс тауып отыр десек, қаншама отбасылар қалыпты жағдайда  түтін түтетіп жатқанымен, өкінішке орай ауыртпалықты сипатта күнін өткізіп отырғандар да аз емес.
Әсіресе, әлеуметтік — тұрмыстық қиындықтар құрсауында қалғандар, моральдік тұрғыда азаптануды бастан кешіп жан жылуынан зәрулік көріп отырған отбасыларға қоғам болып қолдаушылық жасап жіберу адамгершілік мұратымыз екені шындық. Әр шаңырақтың бақытты жағдайда өмір сүруін әрдайым өз сөзіне арқау етіп келе жатқан ел Президенті Қасым–Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы өмір сүру дағдымызға басты бағдар болуға тиіс. Міне бүгін ауданда «Отбасын қолдау орталығы» осы мақсатта ашылғалы тұр, — деді өз сөзінде.


Отбасын қолдау орталығының жұмысы жайлы тұрғындарға ақпараттар беріліп, таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.