Жамбыл облысында жыл соңына дейін 15 білім беру, 23 денсаулық сақтау, 10 спорт, 8 мәдениет нысанын пайдалануға беру жоспарлануда.
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ербол Қарашөкеев әлеуметтік саладағы көрсеткіштерді баяндады деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты http://zhambyl.gov.kzке сілтеме жасап.
➤ Өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында 36 білім беру нысанын салу (10 600 орын) жоспарланған. Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес 13 білім ошағы пайдалануға берілді, оның үшеуі «жайлы» мектеп. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр (1 мектеп, 1 мектепке қосымша ғимарат).
➤ Нәтижесінде 7 оқу орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі.
➤ 9 мектеп пен 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті.