Жамбылда 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысында 10 айдың қорытындысы бойынша  577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспар — 750 мың шаршы метр).

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Ербол Қарашөкеев айтты деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты http://zhambyl.gov.kz-ке сілтеме жасап.

➤ Тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Тараз қаласында жаңа шағынаудандар бой көтеріп келеді. Қазір 3 709 пәтерлі 78 тұрғын үй салынып жатыр, жыл соңына дейін 2 024 пәтер (41 тұрғын үй) қолданысқа беріледі.

 

➤ Облыста көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд. теңгеге 1 575 пәтер сатып алынды.

➤ Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға бюджеттен 2 есе көп қаражат бөлінді: 2023 жылы – 23,2 млрд. теңге, 2024 жылы – 40,8 млрд. теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.