КӘСІПКЕР 100 ТУЯ АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

Дана халқымыз «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген тәмсілді бекер айтпаса керек. Баба мұрасындай болған сол бір жасыл белдеуді бүгінгі ұрпақ күтіп ұстап, көзінің қарашығындай сақтағаны жөн. Сол ізбен жалғасқан сара жол бүгінде алдыңғы аға буынның да басты ұстанымына айналған. Оған дәлел ретінде жыл сайын аудан көлемінде қолға алынатын көшет отырғызу мен көгалдандыру жұмыстарын айтсақ болады.

Бүгін сондай жарасымды дүниенің жалғасы болған «Таза Қазақстан» акциясына кәсіпкерлер де үн қосты. Аса ауылдық округі әкімі аппараты мен ауылдық жастар ісі жөніндегі маман Әсел Өтептің ұйымдастырумен өткен акцияда «ALINA HOLDING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен Аса ауылында 100 туяағашы отырғызылды. Жылдың қай мезгіліне болмасын төзімді келетін көшеттерге алғашында күтімнің қажет болатыны түсінікті. Бұл мәселеде жауапкершілік болатынын баса айтқан округ әкімі Бауыржан Қалшымбетов жауаптыларға жас көшеттерді бақылауда ұстауды тапсырып, көшет отырғызу ісіне атсалысқан демеуші компанияға алғысын білдірді.

Айта кетейік, қатысушылар көшет отырғызумен қатар Абай көшесінің кіреберісін күл-қоқыстан арылтып, арық-атыздарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.