Тәуелсіздік шекарадан басталады

Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» тақырыбында кездесу өтті.

 Аталған іс-шараға «Желтоқсан ұшқыны» ҚБ төрағасы  Талғат Кеншінбеков, орынбасары Сәкен Мырзабай және бірлестік мүшелері Қалмұрзаев Жеңісбек Бейсенұлы, Есімқұлов Ержан Сегізбайұлы, Сатыбалдиев Ержан Нұрахметұлы  қатысты.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ маманы Байпақ Дархан Қуанышұлы өз сөзінде «еліміздің болашағы – біз Жастар, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытуымыз» —  керек деп пікір білдірді.  

Сондай–ақ шарада Желтоқсан оқиғасы  тақырыбында дипломдық  жұмыс әзірлеп  жүрген Тараз өңірлік университетінің студенті Әшірхан Құттыбек өзінің зерделеу жүргізген жұмыстарын талдап,қатысушыларға баяндап берді. Жамбыл ауданы Шекара басқармасы бөлімшесінің топ командирі аға лейтенант Жумагулов Мадияр Ержанұлы және Жамбыл облысы Шекара басқармасының жеке құрам қызметкерлері тақырыпқа байланысты өзойларымен бөлісті. Тақырып аясында қатысушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып, пікір алмасып белсене қатысты.

Тәуелсіздік жылдары ішінде шекара қызметі мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепілі, оның сенімді тірегі болып қалыптаса білді.

Шекара шебіндегі қырағылықтың арқасында біздің еліміз жер де, әуеде және теңізде үнемі қорғалып, Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікте желбіреуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.