Е-Өтініш сервисі мемлекеттік органныңашықтығының кепілі
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуы мен цифрлық жүйелердің кеңінен қолданылуы азаматтардың әртүрлі қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетіп келеді. Осы ретте, e-Otinishқазіргі қоғамда маңызды құжат түріне айналды. Олмемлекеттік органдарға, ұйымдарға ресми түрдесұраныс жасау үшін пайдаланылатын электрондыформаттағы өтініш болып табылады.
«e-Otinish» − азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпараттық жүйе. Ақпараттық жүйебақылау мақсатында енгізілді және деректердіталдауға, сондай-ақ өтініштерді қарау процесінбақылауға мүмкіндік береді.
e-Otinish — бұл адам немесе ұйым тарапынанмемлекеттік немесе жеке секторға электрондытүрде жазылған ресми сұраныс. Бұл өтініштеразаматтар мен ұйымдардың қажетті қызметтергеқол жеткізуіне, түрлі мәселелерді шешугемүмкіндік береді. Сонымен қатар өтініш берушіменкері байланыс орнатуға және мемлекеттікоргандардың, жергілікті өзін-өзі басқаруоргандарының, мемлекеттің жүз пайыз қатысуымензаңды тұлғалардың жұмысын бағалауға мүмкіндікберетін жүйе.
e-Otinish сервисінің артықшылықтары:
Өтінішті e-Otinish қызметі арқылы немесеEgov.kz порталы арқылы беруге болады. Өтінішберуші әрі қарай өтініш беру батырмасын басу арқылы ЭЦҚ-кілтімен кез келген мемлекеттікмекемеге өз сауалын жібере алады. Өтініштіркелгеннен кейін өтініш берушіге күні мен уақыты, тегі мен аты-жөні, өтінішті қабылдағантұлғаның лауазымы көрсетілген талон беріледі.
Мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлықөтініштердің бірыңғай базасы қалыптасқан.Жұмыстың барлық процестерін цифрландыру өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтайды.
e-Otinish сервисі мемлекеттік органның ашықтығының кепілі, себебі өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар етеді. Яғниөтініш қайда, қандай мекемеге жолданғанын, қайкезде қаралғанын e-Otinish сервисі арқылы көріп, бақылай алады. Мемлекеттік органның немесебасқа мекемелердің соңғы жауабын алғаннан кейін, өтініш берушілер бұл жауапқа қаншалықтықанағаттанғанын бағалай алады. Мемлекеттікоргандардың жауаптары жүйелі талдауданөткізіледі.
e-Otinish — заманауи технологиялар негізінде қызмет көрсету жүйесін жақсартудың маңызды құралы болып табылады. Бұл жүйе азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдармен тиімді әріыңғайлы байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Электронды өтініштер көп жағдайда уақытүнемдеуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеуде қателіктердіазайтуға көмектеседі. Сондықтан, е өтінішті дұрыспайдалану — қазіргі қоғамның маңыздыталаптарының бірі.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің жетекші маманы Ә.Русланова