Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды деп хабарлайды asaaqparat.kz
Мойынқұм ауданы әкімінің өкімімен ЗАУРБЕКОВ ЕРКІН ӘЗІМХАНҰЛЫ аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Еркін Әзімханұлы 1981 жылы 6 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
2003 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «жылу газбен жабдықтау, ауа бассейнін желдету мен қорғау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы “Байзақгазсервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақылаушысы болып бастаған.
2004-2006 жылдары “Смақ” азық-түлік орталығының менеджері, 2006-2008 жылдары “Құтқарушы” Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынының оқыту орталығының маманы, жетекші маманы, 2008-2009 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2010-2012 жылдары Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік инженер-инспекторы, 2012-2013 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, 2013-2021 жылдары Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі, 2021-2024 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.