ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНДЕ 150 БАЛҒЫН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Жылдағы дәстүр бойынша Жамбыл аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті деп хабарлайды asaaqparat.kz

Жамбыл ауданы білім бөлімі ұйымдастырған мерекелік шараға 150 балғын қатысты. Балалардың қуанышына аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен оның орынбасары Махпал Досымбекова, ауданның бас ұстазы Зауре Абдирасилова ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде: -«Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да, әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын»- деп мерекелік лебізін білдірді.

Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.

Мерекелік шара соңында балаларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.