Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы нығайтуға деген ұстанымы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» мақаласы ел болашағы үшін маңызды стратегиялық қадамдарды айқындап отыр. Мемлекет басшысы экономикалық тәуелсіздікті қалыптастыру мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы бағытын айқын көрсеткен. Президенттің сөздерінде қазіргі заманғы әлемде экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттілікке негізделген мемлекеттік жүйені құру қажеттілігіне баса назар аударылған. Бұл көзқарас елімізді жаһандық тұрақтылыққа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада айтылғандай, экономика мен егемендіктің нығаюы бізді жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.