Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік қызметінің маңызды аспектілерінің бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи рөліне әділ баға беру болып табылады. Мемлекет басшысы Әбішұлының Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде қалыптастырудағы еңбегін ерекше атап өтіп, өткен кезеңнің жетістіктерін жоққа шығармау қажеттігін айқындап отыр. Тарихқа объективті баға беру – бұл ұлттың болашағын жарқын ету үшін маңызды қадам. Өткеннің кемшіліктері мен жетістіктері дұрыс бағаланғанда ғана біз болашаққа сеніммен қадам баса аламыз.