Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «ForYou Energy» ЖШС қолға алған қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысына капсула салу рәсіміне қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «ForYou Energy» ЖШС қолға алған қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысына капсула салу рәсіміне қатысты.

Ірі инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жобаның өңір үшін маңызын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканы әртараптандырумен қатар, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып келеді. Жылдар бойы жинақталған тұрмыстық қалдықтарды тиімді кәдеге жарату, полигондарға түсетін жүктемені азайту және қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті міндеті. Осы тұрғыдан алғанда, бүгін бастау алған жоба өңір үшін аса маңызды. Кореялық әріптестеріміздің Жамбыл облысына инвестиция салуы өңірдің экономикалық дамуына тың серпін береді, – деді өңір басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.