510 гектардан 16687 тонна сәбіз жиналды

Бүгінде өңірдегі алқаптарда күзгі жиын-терін қызу жүріп жатыр. Дала диқандары тәтті түбір, жүгері, сәбіз жинауға кіріскен.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Жарасбаевтың сөзіне сүйенсек, өңірде 1921 гектарға сәбіз орналастырылған. Бүгінде оның 510 гектары қазылып, қоймаға 16687 тонна өнім тасымалданған.
Сәбізді қалай өсіру керектігін жақсы меңгерген шаруашылық туралы сөз қозғайтын болсақ, Гродеково ауылындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы еріксіз ойға оралады.
Шаруа қожалық төрағасы Андрей Тимофеев биыл 40 гектарға сәбіз еккенін жеткізді.
– Сәбіз – күтімді ерекше қажет ететін өнім. Судан тапшылық көрмеуі керек. 40 гектарға орналастырған сәбізіміздің көрінісі ерекше. Жотасы жұдырықтай болып көрініп тұр. Екі қадымнан бір қап толтыруға болады. Орташа есеппен алар болсақ, әр гектар 40 тоннадан аса өнім беріп отыр. Егістік басында 30-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Осы аптада сәбізді жинау жұмыстарын толық аяқтайтын боламыз, – дейді Андрей Николаевич.

Ақжігіт Жетпісбай

Leave A Reply

Your email address will not be published.