6 үйдің шатыры толығымен жабылып бітті

Күні-түні тынбай істелген жұмыстың нәтижесінде Қайнар едеуір зардап шеккен 19 тұрғын үйдің 6-ның шатыры толығымен жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары басталып кеткен. Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың айтуынша, 5 үйдің де шатыры жуық арада жабылып бітпек.


– Жұмысшы тобының қорытындысына сәйкес 19 үйдің 3-нің қабырғасы сүріліп қайта тұрғызылса, 1 үй мүлдем жарамсыз деп табылғандықтан іргетасынан бастап қайтадан салынуда. Бүгінде ауылда 5 мердігер компания жұмыс істеуде. Бір сәтке болса да құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Соның нәтижесінде осы аптаның аяғына дейін 3 үйдің тұрғындары баспаналарына қайтадан кіреді деп күтілуде.

Жалпы құрылысты толығымен аяқтауға 2 ай мерзім берілген. Сондықтан біз алдағы 20-25 күннің ішінде барлық баспаналарды қолданысқа береміз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы аудан бойынша жарылыс кезінде 34 тұрғын үйге зақым келген. Ал 72 үйдің есік-терезесі қалпына келтіріліп отыр. Қазіргі таңда өзге нысандар бойынша да жұмыстар қызу жүруде. Жеңіл зардап шеккен 3 әлеуметтік нысан мен 124 жеке тұрғын үй демеушілер есебінен жөнделуде. Елеулі дәрежеде зардап шеккен тұрғын үйлер бойынша да жұмыстар қолға алынған. Жалпы бұл шараларға 12 мердігердің 187 жұмысшысы, 22 техникасы жұмылдырылған, – деді Қайрат Әбілханұлы бізбен әңгімесінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.