885 сайлаушысы бар ауыл таңдау жасауда

Ерназарлықтар округ әкімін сайлауда

2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осы орайда бүгін Ерназар ауылдық Мәдениет үйінде тұрғындар Ерназар ауылдық округі әкімінін сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге келуде.

Таңғы 07:00 –де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранымен басталған №178 сайлау учаскесі ресми түрде ашылып, жұмысын бастады.
Дауыс беру құқығына ие сайлаушылардың саны — 885 адам.

Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.