Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Н.Несіпбековтің төрағалығымен ауа райының күрт жылынуына байланысты су тасқынын болдырмау мақсатында, аудан әкімдігінде жедел штаб отырысы өткізілді.
Штаб отырысында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Күдербайұлы аудандағы ауылдық округ әкімдеріне арнайы техникаларын және құрал-жабдықтарын жоғарғы дайындыққа келтіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, күннің күрт жылуына байланысты жаппай сенбілік жұмыстары аясында, жол асты көпірлердің ауыздарын ашу, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алу керектігін тапсырды.