СҰЛУЛЫҚ САЛОНДАРЫНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР: ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Сұлулық салондары, шаштараздар мен косметологиялық орталықтар — халыққа қызмет көрсету деңгейіндегі қауіптілігі жоғары нысандардың бірі. Бұл орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы тұтынушылар арасында гепатит Б және Ц, АИТВ (ВИЧ), дерматомикоздар (саңырауқұлақ аурулары) және педикулез сияқты жұқпалы аурулардың таралуына тікелей себепкер болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен Санитарлық қағидаларға сәйкес, әрбір нысан келесі талаптарды қатаң орындауға міндетті.

1. Құрал-саймандарды дезинфекциялау және стерилизациялау (Үш кезеңді жүйе)

Тері мен шырышты қабықтың зақымдалуы мүмкін болатын барлық процедуралар (маникюр, педикюр, татуаж, косметология) кезінде қолданылатын құралдар міндетті түрде 3 сатылы өңдеуден өтуі тиіс:

Дезинфекция: Қолданылған құралдар бірден арнайы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа толық батырылады. Ерітіндісінің концентрациясы мен экспозиция (ұстау) уақыты нұсқаулыққа сай болуы шарт.
Стерилизация алдындағы тазалау (ПСО): Құралдар ағынды су астында қылшақпен жуылып, биологиялық қалдықтардан (қан, тері бөлшектері) тазартылады және кептіріледі.
Стерилизация: Құрғақ құралдар крафт-пакеттерге салынып, ауа стерилизаторында (сухожар — 180°C-та 60 минут) немесе автоклавта өңделеді. Крафт-пакеттегі индикатор түсінің өзгеруі стерилизацияның сапасын дәлелдейді. Пакет клиенттің көзінше ашылуы керек.

2. Жұмыс орны мен үй-жайларға қойылатын талаптар

Ауа алмасу және жарықтандыру: Салондарда сору-сыртқа тарату (приточно-вытяжная) вентиляция жүйесі болуы тиіс. Жұмыс аймақтарының жарықтандырылуы белгіленген люкс (лк) нормаларына сай болуы қажет.
Ағымдағы және күрделі тазалау: Күн сайын кемінде екі рет дезинфекциялық құралдарды қолдану арқылы ылғалды тазалау жүргізіледі. Сондай-ақ, аптасына бір рет бас санитарлық күн (генеральная уборка) жарияланып, барлық қабырғалар, жиһаздар мен жабдықтар толық зарарсыздандырылады.
Кварцтау: Косметологиялық және маникюр бөлмелерінде ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар (кварц) орнатылып, олардың жұмыс уақыты арнайы журналға тіркелуі шарт.

3. Персоналдың жеке гигиенасы және медициналық бақылау

Медициналық кітапша: Салонның әрбір қызметкері (шеберлер, әкімшілер, тазалықшылар) мерзімді медициналық тексеруден өтіп, жеке медициналық кітапшасында жұмысқа рұқсаты болуы тиіс. Флюорографиядан өту және дерматовенерологтың қорытындысы міндетті.
Арнайы киім және қорғаныс құралдары: Шеберлер жұмыс кезінде таза арнайы киім (халат немесе костюм) киюі керек. Маникюр, педикюр және косметологиялық процедуралар тек бір реттік медициналық қолғаппен және маскамен орындалады. Әр клиенттен кейін қолғап ауыстырылады.

4. Бір реттік материалдарды қолдану жәнеқалдықтарды кәдеге жарату

Бір реттік жабдықтар: Тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде қолданылатын жаймалар, сүлгілер, пеньюарлар, тырнақ егегіштер (пилка), қырынғыш жүздер (лезвие) бір реттік болуы тиіс.
Қалдықтарды жою: Пайдаланылған бір реттік материалдар мен өткір заттар (иненің ұштары, лезвиелер) Б класының қауіпті қалдықтарына жатады. Олар арнайы сары түсті контейнерлерге жиналып, кәдеге жарату (утилизация) шарты бойынша жойылуы керек.

 

Басқарма басшысы                                                                          Ғ. Әбділда

Leave A Reply

Your email address will not be published.