Су тасқынының алдын алу мақсатында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбековтың басшылығымен аудан аумағындағы Жасөркен ауылында орналасқан «Ақжар» каналының су өткізу қабілеті мен қазіргі жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Танабаев, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы Бас инженері Е.Абдрахманов, Қазсушар РМК Жамбыл филиалы Пайдалану бөлімінің басшысы А.Усербаев және ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы, аудан әкімінің бас инспекторы Тұрсынхан Анарбай және ауыл тұрғындары қатысты.